Екі құрма – 5 мың доллар
Жапонияның Гифу префектурасындағы бәссаудада Тэнкафубу сұрыпты екі құрма 540 мың иен, яғни 4,8 мың АҚШ долларына сатылды.
Бұл жемістің бұлай қымбат болуының себебі – ерекше тәттілігінде көрінеді. Егер кәдімгі құрмадағы қант мөлшері Брикс шкаласы бойынша 16 градусты құрса, Тэнкафубу сұрыбының қанттылығы – 18 градус. Бір құрманың салмағы – 300 г.
Бұл сұрыпты өсіріп шығару үшін оның авторлары 11 жыл тер төккен. Оның алғашқы даналары өткен жылы ғана сатылымға шығыпты.