Ел Үкіметі «Нұрлы жол» бағдарламасын басты назарда ұстайды

Жуырда Үкіметтің өткізген мәжілісінде «Нұрлы жол» бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысы жан-жақты қаралды. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жартыжылдықтағы нәтижелерін кеңінен талдаудан өткізгендей етті.

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов осы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға 2017 жылы 484,2 млрд. теңге қарастырылғанын айтып берді. Бұл қаражат арқылы көлік логистикалық және индустриялық инфрақұрылымды дамыту, жылумен, сумен жабдықтау және су тарту, білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту, ХҚҰ-мен жобаларды ортақ қаржыландыру секілді бағыттар бойынша жобаларды іске асыру көзделіпті.
Ал, ҚР инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек автожол жобаларын іске асыру, көлік-логистикалық әлеуетті дамыту жұмыстары, сондай-ақ темір жол, әрі әуе көліктерінде жүк және жолаушылар ағынын ұлғайту шаралары туралы баяндап берді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды кеңінен жүзеге асыру тасымалдардың жылдамдығын ұлғайтуға, көлік шығындарын төмен детуге, транзиттік әлеуетті іске асыру мен сервисті жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, өнімділік пен іскерлік белсенділігінің артуына оң ықпал ететіндігі баршаға аян.Үкімет мәселені қарау қоры-тындысын шығара отырып, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ҚР Қаржы министрлігімен және бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп, бюджеттік қаражаттардың уақытылы орындалуы мен жобалардың іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстаудың нақты тапсырмаларын берді.

«Қазақстан жолы»-ақпарат

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.