Елбасыға үкімет басшысы есеп берді

Картинки по запросу елбасыКездесу барысында Мемлекет басшысына биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Үкіметтің атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді.

Елбасы еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері өсіп келе жатқанын айтып, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап:

– Менің тапсырмам бойынша еліміздің бірнеше өңірін аралап шықтыңыз. Жалпы, тұрақты ахуал байқалуда. Алдымызда егін ору науқаны тұр. Оны тиісті деңгейде жүргізуіміз қажет, – деді.

Өз кезегінде Премьер-Министр экономикамызды даму барысы және бағдарламалардың аралық нәтижелеріне тоқталды.

– Экономикалық өсім 4,2%-ды құрап отыр. Негізгі капиталға инвестиция тарту былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,7% өсім байқалуда.

Барлық өңірлерде көрсеткіштер жақсы. Инфляция деңгейі биылғы маусым айымен салыстырғанда 0,1%-ға өсті. Азық-түлік бағасы 0,5%-ға төмендегенін атап өткім келеді»,-дей келе Б.Сағынтаев жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрап отыр деді.

Премьер-Министр индустрияландыру бағдарламасының іске асырылуы жөнінде де есеп беріп, биылғы жылдың  іске қосылғанын, екінші тоқсанда жаңа 10 мың жұмыс орнын қамтитын 100 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтты.

Оның айтуынша, экономиканың өсуіне «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуы зор үлес қосып отырған  айтып, «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалу нәтижелері туралы баяндап,  биылға жоспарланған  10,2 млн шаршы метр тұрғын үйдің 5,5 млн шаршы метрін қамтитын құрылыс жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді.

Кездесу соңында Елбасы  аталған салаларға бөлінген қаражатты игерудің маңыздылығына тоқталып, үкіметті жылды жақсы нәтижелермен қорытындылау үшін  ұйымшылдықпен жұмыс істеуге шақырып, энергия тасымалдаушыларымызға, шикізат өнімдеріне деген бағаның өзгерісіне  батыстың Ресейге қатысты санкциялары әсер ететінін де қаперде ұстауды тапсырды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.