Елбасымыз бесінші дүниежүзі қазақтарының құрылтайын ашты

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен бесінші дүниежүзі қазақтарының құрылтайының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Бұл туралыҚазАқпарат хабарлайды.Елбасы Дүниежүзі қазақтарының мерейтойлық құрылтайын ашты

Құрылтайға әлемнің 39 елінен 800-ден астам делегаттар мен қонақтар қатысып жатыр. Олардың арасында шығармашылық, ғылым, педагогика, бизнес, спорт саласының өкілдері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері бар. Жалпы алғанда 80 пайыз делегат пен қонақ құрылтайға тұңғыш рет қатысуда. Мәселе, Жапония, Корея, Италия, Черногория, Польша, Әзербайжан, Молдова елдерінен қонақтар мұндай шараға алғаш рет келіп отыр.

Құрылтайға қатысушылардың 60 пайызы 35-ке дейінгі жастар. Шетелдік делегаттар арасында – Молдова парламентінің депутаты, саясаткер Богдан Цырдя, Томск облысы губернаторының әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Шыңғыс Ақатаев, Алтай Республикасы Туратин ауданының басшысы Аманжол Сахарянов, Омск облысының заңдық жиналыс депутаты Нұрлан Қартбаев, Оренбург облыстық қалалық кеңесінің депутаты Құрмамбай Құмақбаев, Санкт-Петербургтегі өңірлік экономика және құқық институтының ректоры Ерлан Ысқақов сынды және басқа да тұлғалар қатысуда.

Құрылтай аясында Ұлттық академиялық кітапханада белгілі дінтанушы-ғалымның 100 жылдығына арналған «Халифа Алтай және тарихтың оралуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Дін істері және азаматтық  қоғам, Білім және ғылым, Ақпарат және коммуникациялар, Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау министрліктері  Құрылтайдың шетелдік қонақтарымен «дөңгелек үстел» отырысын ұйымдастыруды жоспарлауда.

Құрылтайға келген делегаттар мен қонақтар “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесімен де танысып, “Астана Опера” опера және балет театры мен этноауылға да барады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.