ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Әрбір мемлекеттік қызметкер өз ісіне жауапкершілікпен қарауы керек. «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, біліктілік пен кәсібилігі жоғары, жауапкершілік пен адами асыл қасиеттерге ие маман ғана өз саласын өрге сүйрей алады.

Жуырда ИЧ-167/3 мекемесіндегі жеке құрам арасында қызметте белсенділік танытып, өз жұмысын адал атқарып, әдеп кодексін сақтап жүрген  мамандардың беделін көтеру мақсатында жеке құрам арасында аппараттық кеңес өтті.

Осы аппараттық кеңесте кадр саясаты тобының  КҚД аға инспекторы,

әділет капиатаны Ербол Мусаев жеке құрам арасындағы әдеп кодексінің сақталуы жайлы айта келе қызметкерлерді заңға сәйкес жұмыс жүргізіп, теріс қылықтардан аулақ болуға шақырумен бірге,  өз ісін жетік білудің жемісті болатынын да жеткізді.

Бұл жасалып жатқан жүйенің мекемедегі қызметкерлердің жұмысқа деген көзқарасын өзгертіп, белсенділіктерімен адал еңбектерін арттыратыны айдан анық. Кезең-кезеңімен жауапкершілікке, тәртіпке, қадір-қасиетке,  жүріс-тұрысқа ынталандырады. Және моральдік жағынан да, рухани тұрғыда да көмектесіп, заңсыз іс-әрекеттерге бармауға шақыру да саланы дамытуға сеп болады. Заңға сәйкес Мадақтама қағаздар, Алғыс хат беру, сыйлық ұсыну, тағы басқа да жолдармен қызметкерлерді көтермелеу алдағы уақытта да жалғасын табады. Осылайша Е.Мусаев қызметкерлерді туралыққа, адал еңбекке шақырды, ал аппараттық кеңеске қатысып отырған қызметкерлер көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.

                                                      Е.Мусаев,

ИЧ-167/3 мекемесінің Кадр саясаты тобының 

КҚД аға инспекторы, әділет капитаны.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.