Елімізде көлік жүргізу заңдарына өзгеріс енгізілді
Шілде айының ортасынан бастап Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулер өз күшіне енеді. Аталған кодекске ел президенті 2017 жылдың 4 шілдесінде қол қойды. Бұл жөнінде kolesa.kz мәлімдеді деп жазады Massaget.kz.
Жаза жеңілдейді:
Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен үш АЕК-ға азаяды. Ал бір жыл ішінде тағы да тәртіп бұзған адам 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
613 баптан полицейлердің рұқсатынсыз автокөлік салонынан түсіп кететін жолаушыларға қатысты жаза алып тасталынады. Енді олар заң бойынша көліктен шыға алады.
Жазаны ауырлату:
46 бапқа көлікке мас күйінде отырған мүгедек адамдарды көлік жүргізу куәлігінен айыру туралы тармақ қосылды. 596 баптың 3 тармағына (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу – бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады) мынадай толықтыру енгізілді: оның ішінде «бұрылыс және айналым».
Дерексөздер: https://www.nur.kz