Елімізде сексеуіл ағаштарын сатуға қатаң тыйым салынды

Бұл заң шілде айынан бастап күшіне енді. Шымкентте бас қосқан табиғат сақшылары өсімдіктер мен жануарларды қорғау туралы құжатқа енгізілген өзгерістермен танысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жиында қорықшылар көкейлерінде жүрген сауалдарын ортаға салды. Өйткені осы күзде заңға тағы бірқатар толықтыру енгізілмек. Ерекше қорғалатын аймақтарда аңшылыққа, балық аулау кезінде Қытай торын қолдануға мүлдем болмайды. Ал бұған дейін сексеуілдің өздігінен өсіп жетілу көрсеткіші төмендеп кеткендіктен, оны жаппай кесуге мораторий жарияланған еді.

Соған қарамастан оларды қорғап қалу мүмкін болмай тұр. Тіпті жанармай бекеттерінде ағаш ашық саудаға түскен. Енді оған біржола тосқауыл қойылды. Қазір сексеуіл алқабын көбейту мақсатында Арал теңізі маңында Оңтүстік кореялық инвесторлармен бірлесіп, көшеттер отырғызылып жатыр. Одан бөлек неміс кәсіпкерлері де осы салаға қаражат құя бастапты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.