ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН

Мемлекеттің дербестігі, ұлттың азаттығы, қоғамның еркіндігі – ешқашан, ешнәрсеге айырбасталмайтын ұлы құндылық. Мұны барша қазақстандық бағалау тиіс. Әділетті Қазақстанды құру – шын мәнінде тарихи жаңғыру болмақ. Сондықтан, еліміздің әрбір жауапты азаматы осы маңызды кезеңде адал қызмет етуі, науқанға белсенді ат салысуы қажет.

Бұл туралы ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Бейсенкүл Нарымбетова, Бахтияр Джандарбеков, Гүлжайна Жартыбекова ардагерлерімен өткен кездесуінде айтылды. Қоғамдық штаб өкілдері барша қазақстандықтарды алдағы сайлауға белсенді қатысып, баршаға теңқұқықты, Әділетті Қазақстанды құруға аянбай еңбек етуге шақырды.

Партия ардагерлері өз кезегінде 20 қараша күні дауыстарын Қасым-Жомарт Тоқаевқа беретіндерін жеткізіп, ақ баталарын берді.

#Toqaev2022
#ДауысберТоqaev2022

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.