Ең жылдам «Аспан пойызы»

Шаньдун провинциясында ең жылдам аспалы пойыз сынақтан өте бастады. Жаңа қоғамдық көлікке «Аспан пойызы» деген ат берілді. CRRC Qingdao компаниясы жасап шығарған монорельсті пойыз болашақта таулы аймақ пен ірі қалаларда үлкен сұранысқа ие болады дейді қытайлық инженерлер.

Пойызға ең замануи технология – магнитті электр қозғалтқышпен жүреді. Оның басқа көлік түрлерінен көптеген артықшылығы бар. Өйткені, ол аса қуатты, физикалық көлемі шағын, шуы аз және салмағы аз.

Пойыз монорельсті жолмен жерден 5-тен 10 метрге дейінгі биіктікте жүреді. Ол 3, 4 және 5 вагоннан тұрады. Пойыздың сыйымдылығы – 510 адам. Ал ең жоғары жылдамдығы – сағатына 70 шақырым.

«Baq. kz».

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.