Еңсемізді тіктеп, Президентпен бірге алға қадам басуымыз қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше аса маңызды эксклюзивті сұхбат берді. Бұл сұхбатты жіті тыңдаған әр азамат еліміздің жаңа қадамға аяқ басқанын, жаңа реформалар кезеңін өткеріп жатқанын түсінгені рас.

Қаңтар оқиғасына байланысты әлі де түсініксіз болып тұрған жағдайларға байланысты пікір білдірді. Дегенмен бұл жағдайдан оң нәтиже шығарып, ел болып бірлікте жұмылудың уақыты келіп тұр. Еңсемізді тіктеп, Президентпен бірге алға қадам басуымыз қажет. Біраз уақыттан бері қордаланып қалған мәселелер мен кадрлық өзгерістер жаңа бағытта жұмыс жасауға бастап отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлының әр сөзі салмақты, сын сағатта қалған еліміздің болашағы үшін жасаған нақты қадамдары, экономикалық-әлеуметтік саладағы өзгерістері көптің көңілінен шықты. Білікті саясаткер екенін көрсетті.

Қазақстандықтар үшін биылғы жыл – аса маңызды жыл болды. Мемлекет үшін аумалы-төкпелі мезгілдер болып тұрады. Тек содан лайықты нәтиже шығарсақ болғаны. Жаңа Қазақстанды бірге құрып, бірлігіміз бекемделе берсін.

 

КЕРІМБАЕВА НАРГИЗА АБАЙДУЛЛАҚЫЗЫ
мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.