ФРАНЦУЗДЫҚ ҒАЛЫМДАР ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Орта Азия мемлекеттерін зерттеп жүрген атақты француздық ғалымдар Түркістан қаласына келді. Қонақтар әуелі XIV ғасырдың соңында тұрғызылған Қ.А.Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлермен танысты. Кейін ғалымдар орта ғасырда өзінің берік қамалымен мәшһүр болған Сауран қаласына ат басын бұрды. Ондағы қала тарихы мен шаһардың құрылымы жайлы ақпар алды. Кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев әлем ғалымдары қызығып отырған ескі Сауран қаласы болашақта барлық туристер келіп тамашалайтын мекенге айналатынын айтты. Сондай-ақ, Түркістан облысына келетін қонақтарға арнайы туристік бағыттар құрылып, сервистік қызметтер жанданатынын жеткізді.
Еуропаға белгілі этнограф, тарихшы Франсуаз Ленобль бастаған француз ғалымдары одан соң Түркістанда бой көтеретін жаңа ғимараттар мен Қ.А.Ясауи кесенесі айналасында салынатын шығыстық үлгідегі эскиздік жобалармен танысты.
Сапар соңында шетелдік қонақтар тарих пен қасиетке бай Түркістанның туристер ошағына айналатына сенім білдірді. Сонымен қатар, туристерді тарту үшін насихатты көбейтіп, тарихи нысандардағы ақпараттық жүйелер күшейтілсе, өңірге келетін қонақтар саны артатынын жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.