Г.Қарақұсова, Мәжіліс депутаты: Бұлыңғыр бюджетпен есепте ештеңе көрiнбейдi

Былтыр бюд­жет қаражаты 100 пайызға орындалды, қы­руар ақша жұм­салды. Бірақ ақыр соңында бір нәтиже болғанын қалаймыз. Ал барлық қаржы жұмсалып, нәтиженің болмауын қалай түсіндіресіздер? Әрине, негізгі себебі – жоспарлау сапасының әлсіздігінен. Көптеген әкімшіліктер мемлекеттік бағдарлама қа­ра­жатын бір жыл ішінде игеруге үлгере ал­май жатса, индикаторларды өзгерте са­ла­­ды. Сондай-ақ Үкімет индикаторлар мен көрсеткіштердің көпсалалы жүйесін қалып­тастырғандықтан, ол өзара байланыспай қалады. Мәселен, бізде орталық деңгейде 500 индикатор бар. Ал жергілікті деңгейде 1500-ге жуық. Осы жағдайларда ақшаның қаншалықты тиімді жұмсалғанын және түпкілікті нәтижесін қалай бағалаймыз? Бұлыңғыр бюджетпен есепте ештеңе көрінбейді.

jasqazaq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.