Ғ.ЖАЙЛЫБАЙ, ақын: Ауылдың өзінде қатыгездік, мейірімсіздік пайда болған

Қазақтың ұғымындағы мейірім, сыйластық, адамгершіліктің бәрі азая бастағандай. Мен ауылдарда көп боламын. Ауылдың өзінде қатыгездік, мейірімсіздік пайда болған.

Біздің буынның көрген тәрбиесі қалай болды? Біз үлкендердің әңгімесін тыңдайтын едік. Үлкен кісілер­дің, қария­лардың әңгімесіне құлақ түре қалсаң, шуаққа шомылғандай арайлы күй кешесің.

Бұрын ауылда бір тентек болса, оны бүкіл ауыл болып тезге салатын. Көзге көрінбейтін сол жүйе бүкіл ауылды тәрбиелеп отыратын еді. Кез келген ата-ана баласын жауыз болсын, тентек болсын деп тәрбиелемейді ғой. Ұлттың бойындағы жақсы қасиет қаша бастағанда, осындай бейәдеп мінез шығады.

Бала бойындағы мінездің өзгеруіне телеарналар да кінәлі. Күндіз-түні арзан күлкі, мән-мағы­на­сыз бағдарламалар көрсетеді. Әйел боп киінген еркектер, қызтеке жігіт­тер бірінші планға шықты. Атыс-шабыс кино, ұяты шамалы фильм тәрбиелеп жатыр. Мұны көрген ұл не бола­ды, қыз қалай өседі? Нәтижесін көріп отырмыз.

jasqazaq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.