Ғаламның ғажайып құбылыстары
ЖҰЛДЫЗДЫ ТЕҢІЗ, ВААДХУ АРАЛЫ
Жердегі жұмаққа айналған Мальдив аралдары аймағындағы Ваадхудың жағалауы көптеген микроорганизмдердің әсерінен түнде осындай жұлдызды аспанның бір бөлшегіне айналады.
ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯДАҒЫ ЖАРҚЫРАҒАН ҮҢГІР
Химиялық элементтердің қосындысынан туындайтын үңгірдегі тау жыныстарының жарқылы фантастикалық фильмдердегі көріністерді еске түсіреді.
КАВА ИДЖЕН — КӨК ЛАВАЛЫ ӘЛЕМДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ЖАНАРТАУ
Табиғаттың бұл тылсым құбылысы күкірттің қосындысынан пайда болады екен. Жергілікті тұрғындар күкіртті өндіріске де пайдаланып жатады.
ТАНЕЗИЯДАҒЫ ҚЫЗЫЛ КӨЛ
Судың құрамында түсін өзгертетін тұздар бар. Сонымен қоса тірі организдер өмір сұрмейтін өлі көл. Суға түскен тірі ағза бірден тұз қабыршақтарынан мүсінге айналады. Ақпан, наурыз айларында судың температурасы 50 градус Цельсиден асып түседі.