Халық емімен бауырды сауықтыру

* Жүгері собығының шашақтары мен жас жапырақтарын суға қосып шамамен 15 минуттай қайнатып, бұл қоспаны күні бойына екі кеседен ішу керек.
* Күніне бір рет қызылша мен шалқаннан теңдей қосып дайындалған шырынның 1 стақанын, немесе 2-3 кесе далалық салаубас (бессмертник) гүлінің тұнбасын, немесе 2-3 кесе орман бүлдіргенінің жапырақтары мен сабақтарынан жасалған тұнбаны ішкен дұрыс.
* Дәрі бақбақ тамырының 1 шай қасығын 1,5 стакан суда демдеп, 5 минут қайнатады. Шай сияқты ішеді.
* Сусынтамыр тамыры, дала қырықбуыны шөбі, мыңжапырақ шөбі, шайқурай шөбі – әрқайсысынан 1 ас қасықтан алып, араластырады. Осы қоспаның 1 ас қасығын ыдысқа салып, 1 стақан қайнап тұрған су құяды. 30 минут тұндырады. Осы әдіспен дайындап, күніне 2-3 рет тамақ ішерден 15-20 минут бұрын 3-4 стақаннан ішеді.
* 1 кг балға 1 кг қара қарақат араластырады. Күніне 3-4 рет 1 шай қасықтан ішеді.
* 1 ас қасық қаймаққа қайыңның қара майының (деготь) 1 тамшысын тамызып ішеді де, артынан 1 қасық бал ішіп жібереді. Бірінші күні қара майдың 1 тамшысын, екінші күні 2 тамшысын, үшінші күні 3 тамшысын қосады. Осылай 10 күнде 10 тамшыға жеткізеді. Содан соң кері қарай қара майдың мөлшерін азайтып ішеді. Балалар үшін бұл мөлшер екі есе аз болуы керек. Одан кейін 1 апта үзіліс жасайды.
* Бауыр циррозы мен холесциститке (өт жолы кеселі) кәдімгі шомыр (редька) өте-мөте пайдалы. Ол өт пен асқазан шырынының бөлінуін реттеп, ас қорытуды оңдайды. Алайда, бұл дәрі ол жүрегі мен ұлтабары ауыратын, асқазан қышқылдығы жоғары, асқазан жарасы барларға жақпайды.
* Балды белгілі бір мөлшерде сүзбеге, сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс.

* Тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, 3-4 сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шай қасықпен күніне 2-3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйрекке құм, тас жиналудан сақтайды.

* 1 стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өт асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.
* Бауырды тиімді әрі қауіпсіз тазартып, зақымданған жасушаларды қалпына келтіруге грек жаңғағы да жақсы көмектеседі. Ол қабынуды қайтарып, жараны жазады, өтті айдап, асқазанның түйілуі мен бауырдың шаншуын жақсы басады.
* Бауыр ауырғанда сұлыдан қайнатпа жасап ішеді. Ол үшін 2 ас қасық сұлыны жуып, оған 2 стақан қайнаған су құяды да, 10 минут баяу отта қайнатады. Сосын оның 150 грамын сүзіп алып, жылыдай ашқарынға ішеді.

* Өттегі тастан арылу үшін жеті түрлі шөптен жасалатын дәріні қабылдау керек. Ол былай жасалады. Емдік шөпті жасау үшін жалбыз, қалақай, дәрілік түймедақ, итмұрын жемісі, дала қырықбуыны, өлмесшөп және спорыш шөбі қажет. Осы шөптердің барлығынан 1 ас қасықтан алып, үстіне 7 стақан су құйып, баяу отта 10 минуттай қайнатады. Қолданар алдында суытады.

Емделу курсы – шамамен 3 ай. Арасында 10 күндей үзіліс жасайды. Бұл емдік шөпті пайдаланғандар оны ½ стақан мөлшерінде күніне 3-4 рет тамақтанардан 30 минут бұрын ішкендерін айтады.

Дәрігерлер өт айдайтын емдік шайларды ішуге ұсыныс жасай бермейді. Сол себепті, дәрігерлермен кеңесіп барып емдік шөпті пайдаланған жөн.

Дайындаған К.ДИДАР.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.