Халық намысшыл болса

Үмбетхан СӘРСЕМБИН, ф.ғ.к., кафедра меңгерушісі: 

Мемлекетті сақтайтын халық. Халықтың өсімі, зиялылардың халық ішінен шығып, елдің мүддесіне қызмет етіп отыруы, мемлекеттің халық ішінен шыққан дарынды, білімді адамдарды қолдап отыруы мемлекетті нығайтады. Себебі тұлғаны тарих айдынына шығаратын, оның ісін бағалап, берген бағытымен жүретін, тағылымын кейінгі буынға жеткізетін халық. Мемлекет халықтың болмысымен кеңессе халық та оған ілеседі, мемлекеттің алдына қойған мәселесін шешуге бір кісідей жұмылады.
Халық намысшыл болса сырттан келетін нәрселер қоғамның ішіне кіре алмайды, оның сыртын айналып кетеді. Ұлт мүшесі әр адамның көкірегіндегі жақсылық оның намысшыл, елдік мінезімен көрінер болса елдің рухы көркейеді. Елдің көріктілігі қоғамда әдептіліктің, тәртіп пен тазалықтың орын алуы. Бұған мұрындық болатын елдің өзі.

«ҚҮ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.