«Ханзада» салаты

«Ханзада» салаты

Құрамы:

100 г қақталған тауықтың төс еті, 2 жұмыртқа, 2 тұздалған қияр, 1 бөлік сарымсақ, 4  ас қасық грек жаңғағы, 2 ас қасық майонез.

Дайындалуы:

Тауық еті мен тұздалған қиярды ұзыншалап тураңыз. Жұмыртқаны құймақ сияқты жұқалап пісіріп алып, оны да ұзынша етіп турау керек. Сарымсақты ұсақ көзді үккіштен өткізіңіз. Грек жаңғағын да ұсақтаңыз. Жаңғақтан басқасының бәрін бір ыдысқа салып, майонезбен араластырыңыз. Сосын салатты әдемі ыдысқа салып, бетіне ұсақталған жаңғақты себіңіз.

Асыңыз дәмді болсын!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.