Ислам діні

Қазақ хандығы тұсындағы исламның орны айтқанда негізге алатын, дәлел ретінде фактілер жеткілікті. Мысалы, Қазақ хандығының астаналарының ішінен Түркістанды алайық. Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанның жаңа Қазақ хандығының астанасына айналуы тек қолайлы географиялық жағдайына ғана байланысты емес еді. Ол сонау XII ғасырдан бастап әлем назарын өзіне аударып алған исламдық руханиятта ерекше орын иемденетін айтулы сопылық мектептің негізін салған ғұлама ақын, Қожа Ахмет Ясауидің жан — жақты ұстаздық және уағызшылдық қызметінің арқасы еді — деп бағалауынан көруге болады.
Мемлекеттіліктің ұстанымдарында философиялық негіздер өзара бауырластық пен ынтымақ, Отанға, мемлекет басшысына беріктігі адамның кемелдікке жетуіне жол ашатындығы айқындалған.
Қазақ халқының ғасырлар бойы рухани сақталуына әсер етуші фактор — құқықта Ханафи жолын ұстанғандығы. Бұл рухани тірек қазақ халқының тарихында қанша саяси-әлеуметтік жағдайларды бастан кешірсе де тарих сахнасынан жойылмауына керісінше, өсіп-өркендеуіне үлкен септігін тигізді.
Ата-бабаларымыз ұстанған сенімділік жүйесі арқылы кездескен әр түрлі қиындықтарға мойымай, қайта қайраттыққа баулитын қарсы тұра білетін дүниетаным қалыптастырды. Себебі, сенім жүйесі кез — келген халықтың дүниетанымындағы құндылықтарды терістемей, керісінше қасиетті Құранның табиғатымен үйлестіре білген.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.