ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАТЫСТЫ ПІКІРЛЕР
Діни экстремизм дегеніміз не? Оның құқықтық табиғаты қандай? Діни экстремизм деген сөзді қолдану қисынды ма? Діни экстремизмнің анықтамасы қандай? Дінде экстремизм бола ма? –делінген сияқты мәселелерде ғылыми пікір-талас жүруде. Әсіресе әлеуметтік ғылымдар мен теология ғылымы арасында туындауда. Кейбір ғалымдар дінде ешқандай экстремизм болмайды деген ойда, ал басқа ғалымдар діни экстремизм құбылысы бар деген тұжырымды қолдайды. Бір ғалымдар экстремизмді дінмен байланыстырғысы келеді.
Діни экстремизм жөніндегі ғылыми пікір-талас әлі де тоқтаған жоқ. Әлемде әр түрлі дәстүрлі діндер, сонымен бірге дәстүрлі емес діни ұйымдар мен секталар бар екендігі баршаға белгілі. Әрине бұларды ұстанушылар мен жақтаушылары болатындығы табиғи заңдылық. Сол себептен де діни экстремизм туралы пікір-талас бір арнаға келе алмауда. Сондықтан да жалпы ғылымға тән шынайы ой тұжырымдама жасалуы қажет.
Кейбір ғалымдар «діни экстремизм» ұғымын қолданыстан алып тастау жөнінде ұсыныс жасауда. Ал Ресейлік А.Саватеев болса ( Саватеев. 2002, 10 б.), «Каспийден Қара теңізге дейінгі біртұтас ислам мемлекетін құруды» мақсат етіп алған әскери жиһадты жақтаушыларды «діни экстремистер» деп атауды ұсынады (мысалы, Ирландия Республикалық Армиясының қарулы экстремистік қанаты). И.В.Кудряшова саяси экстремизмнің сипаттамасын «исламизм» ұғыммен қарастыруды ұсынады ( Кудряшова, 2002, 10б.).
Дінде экстремизм болмайды немесе болады деген ұғымдарда пікір ұстанатын әзірше бес бағытта зерттеушілерді қарастыруға болады:
- Дінде ешқандай экстремизм немесе ешқандай келеңсіз нәрселер жоқ деген пікірді жақтаушы теологтар мен ғалымдар;
- Дінде экстремизм болмайды деген ойды, асылында негізсіз діни ұйымдар мен секталарды жақтаушылар;
- Дінді діни экстремизммен байланыстырғысы келетін зерттеушілер;
- Негізсіз діни ұйымдар мен секталарда діни экстремизм болады деген пікірді ұстанушылар;
- Діни экстремизм туралы әңгіме қозғау бос нәрсе деген ойды айтушы ғалымдар.
Біраз уақыттан бері осындай сипатта пікір-талас жүріп жатқандықтан, бір ғалымдар «діни экстремизм» ұғымын толыққанды түсіну үшін, ең алдымен «дін» деген ұғымға ғылыми құқықтық анықтама берілуі тиіс дейді.
Сондықтан ең бірінші діннің құқықтық анықтамасын талдаудан бұрын, негізгі діндердің дін туралы өзіндік анықтамаларды берілуі тиіс. Әрине әр түрлі 200 – ден астам дін жөніндегі анықтамалар бар.
Дінтану ғылымында теологиялық, философиялық, әлеуметтік, психологиялық және тағы басқа ғылымдар тұрғысынан дін туралы анықтамалар беріледі. Теология ғылымының дін жөніндегі анықтамасы, мысалы, мына сенім қағидасынан тұрады, Құдай – ақиқатында бар құдіретті күш және адам өзінің өмірінде онымен қатынасады. Философия ғылымының дін туралы анықтамасын, дінді Құдайдың бар екендігін мойындау немесе мойындамау және де қоғам, топ және жеке тұлға өмірінде діннің рөлі тұрғысынан қарастырады. Әлеуметтану және Психология ғылымдары дін туралы анықтамаларын, діннің әлеуметтік және психологиялық салдары тұрғысынан қарастырады.
Ғалымдардың тоғысатын ой түйіні шынайы дінде экстремизм жоқ.
Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген