Қ.БЕЙСЕБАЕВ, саясаттанушы: Бiрақ соны кiм тыңдады, кiм мән бердi?

Арыстағы жарылыс, негізінен жауапкершіліктің жоқтығын көр­сетті. Әйтпесе, осыдан 10 жыл бұрын бір депутат: «Арыстағы әскери қойманы тексеріп, қауіпті жарылыстың алдын алу керек»,-деп дабыл қаққан болатын. Бірақ соны кім тыңдады, кім мән берді? Тіпті бұдан бұрын да сол Арыстағы әскери қоймада қаншама адамның өмірін жалмаған жарылыстар болды. Алайда соның бәрінен сабақ алған жоқпыз. Арыс айдалада жатқан ауыл емес, керісінше стратегиялық маңызы бар теміржол станциясы. Сонымен қоса, әскери оқ-дәрі қоймасына жақын орналасқаны тағы бар. Сондықтан бұл елдімекенде барлық қауіпсіздік шаралары қатаң қадағалануы, жергілікті тұрғындарға апатты жағдай бола қалса не істеу керектігін тәптіштеп үйретілуі керек еді. Қысқасы, Арыстағы жарылыс халықтың билікке деген сенімін тіптен азайта түсті.

«ЖО»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.