Қ.ШАМАХАЙҰЛЫ: … бюджеттің қаржысымен оққағар мен бірнеше көмекші-кеңесші ұстуға бәрі шебер

Керек десең, Владимир Маяковскийдің «Прозаседавшиеся» деген өлеңін де мысалға келтірді.

Қазір әкім-қараларды айтпағанның өзінде ел бюджетінен, халық төлеген салық есебінен күн көріп отырған ел дамуына қосып жатқан ешбір үлесі жоқ, шығыны шаш-етектен, ал пайдадан мүлде жұрдай шағын ғана мекеменің қозы қарын топас бастығының өзі қарулы күзетпен өзін қоршатып алып, талтаңдап зорға жүруге шақ қалды.

Ештеңе тындырмаса да, қолынан іс келмесе де, бюджеттің қаржысымен оққағар мен бірнеше көмекші-кеңесші, түк тындырмайтын хатшы ұстауға бәрі шебер.

Әлдебір шаруамен бара қалған қарауындағы қызметкерлерінің өзін сағаттап күттіріп, керіліп-созылып отыратын тас мүсін дурак бастықсымақтар қаншама.

Біз оларды «мемлекеттік қызметкер» деп дардай ғып, бір жерін шелейтіп қоямыз.

«Ф»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.