Қ.ШАМАХАЙҰЛЫ: …тағы бiр майшелпек қосылды

“Бөліп ал да, жей бер!”. Қазір дәл осындай қағида белең алып тұр. “Тендер” дейтін “жеңдер” ұранын айтпағанның өзінде мемлекеттік қорлардың өзі сұмдық.
Зейнетақы жинақтау қо­рының әкімшілік шығыны Қаржы ми­нистрлігінің өзін он орайтын көрінеді. Ол ақшаны да оңды-солды шашып, дамушы елдердің банктеріне беріп қойып, ала алмай сандалып жүр. Не деген майшелпек?! Ал, енді оған Міндетті медициналық сақтандыру деген қазірдің өзінде 200 миллиард қаржы жинап алған тағы бір майшелпек қосылды.
Жоғары білім алу үшін де чиновник атаулының балалары құс қайтқанда Еуропа мен Батыс өркениетті елдерінің университеттеріне аттанады. Жалғыз- жарым кетпейді, шешелерін ерте кетеді. Бар болса, ата-әжесі де қосыла шабады. Өйткені, Лондон, Вашингтон, Бонн, Нью-Йорк секілді әлемнің ірі қалаларында олардың әлдеқашан сатып алып қойған жайлы үй-жайлары бар.
Апта сайын чартерлік рейспен ұшып барып келемін десе, ешкім оған “әй” де, “қой” да демейді.

Abai.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.