Қ.ЖҰМАДІЛОВ, Қазақстанның халық жазушысы: …мақтана бергендi қою керек

Біз шапшаң халық болдық. «Ой­бай, қазақ қонақжай, қазақ меймандос» дегенге бөркіміз қазандай болып мақтанамыз. Біз тым мақтаншақ ха­лықпыз. Халқың қандай болса, үкіметің сондай дейді ғой. Үкімет те мақтаншақ болып кетті соңғы кезде. Бірден елу елдің қатарына, біресе отыз елдің қатарына қосыла қалмақ болады. Бізді біреу жарысқа түсіріп отырғандай-ақ. Осының бәрі – артық мақтаннан туған жосықсыз әрекет. Сол мақтанды азайтуға тиіспіз бұдан кейін. Мерекешіл, тойшылмыз. Кез келген отбасы дүрілдетіп, қо­лындағы бар-жоғын жұмсап той жасауға құмар. Со­ны айтқанымыз дұ­рыс. Мұндай үл­кен шығыннан Еуро­па баяғыда бас тарт­қан. Үнемшілдік қа­заққа да керек. Қа­зақтың дастарханы кең, қолы ашық де­генге танауымыз шелектей болып мақтана бергенді қоюымыз керек. Қазақ көрсе, өзінің меймандостығынан көріп жүр қазір.

«ЖҚ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.