Қалалар туралы қызықты деректер

* Әлемдегі ең халқы көп қала – Шанхай. 2016 жылғы статистика мәліметтері бойынша, онда 24 152 700 адам тұрады.

* Орналасқан аумағы жөнінен ең үлкен қала – Австралиядағы Сидней. Оның жалпы аумағы – 12 144,6 шаршы км.
* Ұзақтығы жөнінен ең үлкен қала – мексикандық Мехико. Оны кесіп өту үшін 200 км жүру керек.
* Әлемдегі ең кішкентай қала – Хорватиядағы Хум қалашығы. Оның халқы 25 адамнан аспайды.

* Ең биік орналасқан қала – Перудегі Ла-Ринконада. Ол теңіз деңгейінен 5100 метр биіктіктен орын тепкен.

* Ең төменде орналасқан қала – Өлі теңіздің жағалауындағы Неве-Зоар қалашығы. Ол теңіз деңгейінен 395 метр төменде тұр.

* Ең ірі қалалық агломерация – Жарониядағы «Токио — Иокогама». Онда 37 126 000 тұрғын өмір сүруде.

* «The Economist», «Mercer» және «Monocle» басылымдарының сараптамасы бойынша, ең өмір сапасы жоғары қала – Австрия астанасы Вена.
* Ғаламшардың ең солтүстік бөлігінде орналасқан қала – норвегиялық Лонгйир қаласы. Ол Шпицберген аралдар жүйесінің әкімшілік орталығы болып табылады.

* Жер бетіндегі ең оңтүстік қала – Ушуайя Аргентинаның Отты өлкесінде орналасқан.
* «Forbes» журналының бағалауы бойынша, ең стильді қала – Лондон.
* Әлемдегі ең қымбат қала – Швейцариядағы Цюрих.
* Ең криминалды қала – Мексиканың шекаралық қаласы Сьюдад-Хуарес. Мұнда жыл сайын әрбір жүз мың адамның ішінен 190-ға жуығы кісі қолынан қаза табады.

* Ең ұзақ атауға ие қала – Бангкок. Шын мәнінде, оның атауының түпнұсқасы 167 әріптен тұрады. Ол қазақшаға аударғанда: «Қала – мәңгі қазына, Индра Құдайдың адам аяғы жетпес қаласы, тоғыз бағалы тастар тарту етілген әлемнің айбарлы астанасы, бақытты қала, құдайлар мекенін еске түсіретін, келбетін өзгерткен құдай патшалқы құрған, молшылыққа бай орасан зор Патша сарайы, Индра тарту еткен және Вишнукарн тұрғызған қала» деген мағына береді.
* Ең қысқа атаулы қала – О. Бұл қала Жапонияда орналасқан. Мьянмадағы Е қаласын да осы санатқа жатқызуға болады, алайда ол латынша Ye болып, екі әріппен таңбаланады.
* Әлемдегі ең терең салынған жерасты қаласы – австралиялық Кубер-Педи. Бұл қала жылтыр тас (опал) өндірудің әлемдік орталығы болып табылады. Мұнда үнемі құм суырып, ыстық аптап қуырып тұратындықтан, тұрғындар жердің астын паналаған.

* Әлемнің барлық қалаларын қоса алғанда, жалпы аумағы Жер бетіндегі құрғақ жерлердің 1%-ға жуығын ғана алып жатыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.