Қалалық Антикор кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс жасауға шақырады

Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды «Hyper House» және «Юг Сити» сауда орталықтарындағы кәсіпкерлермен қалалық Антикор талқылады.

Кездесу барысында қатысушылар бизнесті қорғау және заңсыз араласуға жедел ден қою үшін құрылған Мобильді топпен танысты.

Шағын бизнес өкілдеріне салық саласы мәселелері, атап айтқанда жеке кәсіпкерлікті ашу және жабу, жарнамалық белгілердің ережелері, сондай-ақ декларация мен салық есептілігін тапсыру бойынша кеңес берілді.

Сонымен қатар, қатысушыларға бизнесті қорғау және кәсіпкерлікті қолдау бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Мобильді топ мүшелері Департамент тарапынан жер учаскелерін бизнеске бөлу және олардың қолжетімділігі саласында, сондай-ақ бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатқанынан хабардар етті.  Сонымен қатар, әр қатысушыны толғандыратын мәселелер туралы ашық сөйлесуге және талқылауға шақырды.

Іс-шара соңында бизнес субъектілері Департамент тарапынан әзірленген сауалнамаға жауап берді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.