…қандай да бір қадамға бармасақ болмайды
Серік ӘПЕНОВ, заңгер:
Жастарымыз батысқа еліктеп, өз тамырынан ажырап барады. Бұл, бір жағынан, адамдардың өздерінше демократияшыл болып кеткенінің салдары. Демократия деген осы екен деп жастарымыз әлеуметтік желілерде ойына келгенді жазып, біреуді жерден алып жерге салуды әдетке айналдырып алды. Әсіресе, елге танымал адамдар көп зардап шегуде. Қазақ қалжыңдасса да, әдептен озбаған. Осындай адами құндылықтардан жұрдай, имандылыққа жат әдеттерді түп-тамырымен жою үшін мықты идеология керек-ақ.
Адал еңбек ету, біреудің мүлкіне көз салмау, жақыныңа қамқор болу т.б сияқты қағидалар да моральдық қағидалардың ажырамас бөлігі. Кеңес заманында коммунизмді құрушылардың моральдық кодексі деген болған. Бұл керемет бір идеология еді. Отанға деген патриоттық сезімнен бастап, бала тәрбиесіне дейінгі моральдық-этикалық қағидалардың бәрін қамтитын. Бізге осындай бір идеологиялық тетік жетіспей тұрған сияқты. Мәселені міндетті түрде заң қабылдап шешпесек те, қандай да бір қадамға бармасақ болмайды.
Заң