Карантин талаптарын сақтамаған дүкен анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға, ойынхана клубтарына тексеру жүргізді. Кезекті тексеру кезінде Шымкент қаласында Желтоқсан көшесінде орналасқан «Грамад» дүкеніне мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптарды сақтамай, келушілерді бір реттік бетпердесіз қабылдап жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Әл-Фаради ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданып, түсініктеме алынды.

Осыған орай, қала қонақтары мен тұрғындарына полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және карантин кезінде азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға назар аударуды сұрайды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.