Қаратау ауданындағы мобильдік топ нысандарды аралады

Қаратау ауданындағы кәсіпкерлік нысандарда карантиндік талаптардың сақталуын қадағалайтын арнайы мобильдік топ күнделікті мониторинг жасайды.
Мобильдік топтың бір күндік мәліметіне сай, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп шоғырланатын орындарда карантин талаптары ескерілмей, бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жұмыс істегендері анықталды. Мәселен, «Нұрсәт» шағынауданындағы бірнеше азық-түлік дүкендерінде тиісті ережелер бұзылған. Бұған қатысты дүкен басшылықтарынан түсініктемелер алынып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, қабылданған жаңа қаулыдағы өзгерістер түсіндіріліп, алдағы уақытта осы құжат негізінде жұмыс жүргізу қажеттілігі ескертілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.