Кәрібай Мұсырман, Мәжіліс депутаты: …тіпті өздерін «бай» санайтын басшысымақтар барлығын айтты

Кеше “Nur Otan” партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында біз өткізген қоғамдық қабылдауға келген жергілікті тұрғындар көтерген ең өзекті мәселе осы болды. Олар көптеген шаруашылықтардың басшылары өздеріне тиесілі жер үлестерін сеніп тапсырған ауылдықтарға мардымсыз ақы төлейтіндігін, ауылдардың әлеуметтік проблемаларын шешуге көмектеспейтіндігін айтып шағымданды. Ондай басшылар жер үлестерін қайтаруды сұраған адамдардың өтініштерін құлаққа ілмейтін болып шықты.

Бізбен кездескен облыс әкімі Құмар Ақсақалов та мыңдаған гектар егіншілік жерді иемденіп алып, жұртқа қарайласпайтын, тіпті өздерін “бай” санайтын басшысымақтар барлығын айтты. Оларды жөнге салудың жолы — қолданыстағы заңнаманы жетілдіру деп, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Біз бұл мәселені алдағы заңшығарушылық жұмысымызда жан-жақты қарастырамыз.

Abai.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.