Қазақ қоғамына оңды өзгерістер, сілкініс қажет
Сәдібек ТҮГЕЛ, жазушы:
Маңызды мәселе -жемқорлықты жою, онымен аяусыз күрес жүргізу. Кейбіреулер көкиді: « Ешқашан, еш уақытта коррупциядан құтыла алмаймыз»- деп. Бұл өте зиянды және мүлдем өтірік түсінік. Жеріміздің асты , үстінен шыққан байлықтарымызды қылғыта жұтып, қазынамызды тауысып барады. Осындай жағдайда жемқорлармен барлық тәсілдерді қолданып күрес жүргізу, оларды қатаң жазаға тарту қажет. Сот практикасына қайтадан өлім жазасын енгізу қажет деп ойлаймын. Мына заманда, мына атадан қалған мыңғырған байлық тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетпей , осы ел мен жердің иесі, қазақ халқына жайлы болуы керек.
Біздің қазақ қоғамына оңды өзгерістер, сілкініс қажет. Біздің өзгерісті төменнен-қалың әлеуметтен, алдымен ауылдағы қарапайым халық ортасынан бастағанымыз жөн. Республика халқының 46,7 пайызы ауыл,селоларда өмір сүреді. Көбінің тіршілігі- тіршілік емес,өгіз өлмес , арба сынбас жағдайда.
Абай кз