Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қанша қаражат жұмсады?

АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындауға  бес жыл ішінде Қазақстан бюджетінен 565 миллиард теңге жұмсалған, деп хабарлайды Ranking.kz сараптама порталы.

Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, ЭКСПО — 2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындыққа бес жыл ішінде 565,1 миллиард теңге немесе 2,1 миллиард доллар бөлінген. Оның ішінде Астана қаласы бюджетінен – 1,58 миллиард теңге.

Бұдан бұрын «Астана ЭКСПО — 2017» АҚ ұлттық компаниясы басшысы Ахметжан Есімов хабарлағандай, бастапқы есептеулер бойынша көрмеге 400 миллиардтай қаражат жұмсалған, оған нысандардың салынуы мен іс-шаралардың өткізілуі кіреді.  Барлық шығынның жартысына жуығы 2016 жылы жұмсалды – 267,2   миллиард теңге. Биыл көрменің ашылуына дейін тағы 77,3 миллиард теңге ұсталды.  Орта есеппен көрменің дайындығына адам басына шаққанда 66 мың теңгеден кеткен.

 

Дерексөздер: sputniknews.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.