Қазақстанда әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді

Қазақстанда әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақ тағамтану академиясының нутрициолог маманы А.Чуенбекова мен Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Иманалиева баяндады. «Қазақтың жаңа табағы» ұранымен дұрыс тамақтануды насихаттаушылар отандастарымызды майсыз етті тұтынуға, қорегіміздің құрамындағы қант мөлшерін шектеуге шақырып, көкөністер мен жеміс-жидектердің үлесін арттыруға үндеді.
Елімізде салауатты өмір салты орталығының 1998 жылдан бастап, әр үш жыл сайын жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, адамдардың басым бөлігі күніне екі рет ыстық тамақ тұтынбайды. Ал, 12 пайызы үш рет ас ішетінін айтса, 9 пайызы бар болғаны бір тәулікте бір рет қана қоректенеді. Тұрғындардың жартысына жуығы күнделікті асының 400 граммы жеміс-жидек болуы тиіс екенін білмейді де. Сауалнамаға қатысқандардың көбісі тиісті мөлшерде ет өнімдерін пайдаланбайды екен.
Дәрігерлерге сенсек, қазақстандықтар жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Ал, ауырған кезде күнделікті жарнама беттерінен түспейтін ең жаңа препараттарды іздейді.
Қазақ тағамтану академиясының 2012 жылы жүргізген зерттеуінің нәтижесіне сүйенсек, Қазақстан халқының жартысынан астамы артық салмаққа және семіздікке шалдыққан.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.