…қазақтың оннан аса азаматын ала кетті
Ш.Мұртаза:
Жерді сатуға қарсымын. Бұл туралы тоқсаныншы жылдардың басында айтқанмын. Әлі сол пікірдемін. Бала сату дегенді парламентте де, газет бетінде де айтып жүрмін.
Қазақ шенеуніктерінің намысына тигізе, жетесіне жеткізе айтқым келеді. Бірақ терісі қалыңдау. Самақова деген ана мен бала жағындағы шаруада жүрген адам бір жиналыста «Балаларды шетелдіктердің асырап алуына неге қарсы боласыңдар? Ол бала шетелде бақытын табады»,дейді. Отаны жоқ, елі жоқ, тілі жоқ, діні жоқ адам қалай бақытты болатынын білмеймін. Кетіп жатыр. Нақты саны жоқ. Көп фирмалар жұмыс істейді. Балаларды сатудан көп ақша түсетін көрінеді. Менің ойым ша, жалғыз тұяқ кеткен жоқ. Бір баланың белінде он бала кетті. Ол енді қайтіп қазақ болып, қайтып қазаққа бала туып бер мейді. Ол өзімен бірге қазақтың оннан аса азаматын ала кетті.
«А»