Қазақтың тілін ағылшын басса, бітті ғой…

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик: 

Ағылшын тілін үйрену керек дейді. Ағылшынды үйренген үнді, қытай, жапон ақымақ па, не дейді? Ақымақ емес, әрине. Қазақ та ақымақ емес. Ағылшын тілін қазақ та үйренуі керек. Оған ешкімнің дауы жоқ. Ол белгілі нәрсе. Бірақ қазақтың ақымақтық деңгейі мен қытайдың ақымақтық деңгейін байқап көрейік.

Мысалы, Қытайда ағылшын тілі қытай тіліне қосымша ретінде оқытылады. 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін барлық сабақ қытай тілінде өтеді. Тіпті, Үрімшіде қазақ мектептері жабылып жатыр. Олар 5-сыныпқа дейін өзінің қазақ тілі мен әдебиетін оқиды. Қазақтың тарихын оқымайды, Қытай тарихы оқытылады. Сонымен қазақ тілі бітеді. Одан соң барлық сабақ қытай тілінде оқытылады. Ал ағылшын тілінде қосымша оқытылады. Үнділерде де сондай.

Ал қазақтар қайтпек? Ағылшын тілін қосымша емес, қазақ тілінің орнына жүргіземіз дейді.Осы жағы маған түсініксіз.

Қазақ тілінде ертегі айтуға болады, көздің жасын төккізіп поэма жазуға болады. Бірақ Ом заңы мен Ньютон заңын айтуға болмайды. Сонда бұл не?..

Менің ойымша, үштілділік дегеніңіз: Бастауыш пен орта мектептің барлығы да қазақ тілінде, ал ағылшынша оған қосымша ретінде оқытылуы керек. Сонда бәрі орнына келеді.

Технократтық елге айналмай, жалаң гуманитарлық салалармен біз дами алмаймыз.

Массагет 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.