«Қазпоштамен» бірлескен қызмет

Технологияның дамуы өз орнында тұрмасы анық. Оның бір дәлелі ретінде шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған «Қазпошта» АҚ  қызметтерін көрсету бойынша бірлескен қызметін айтуға болады (франчайзингтік, агенттік қызмет). «Қазпошта» АҚ  қызметтерін көрсету бойынша бірлескен қызметін (франчайзингтік, агенттік қызмет) –бұл шағын және орта бизнес үшін жеке сауда нүктелері негізінде «Қазпошта» АҚ атынан пошталық, қаржылық (төлем), агенттік қызметтерді көрсететін қосымша бизнес ашу мүмкіндігі.

Жинақталған білім мен технологиялар әрі пошта бизнесін жүргізу тәжірибесі базасында шағын және орта бизнес өкілдерін ынтымақтастыққа шақырған «Қазпошта» АҚ  қазіргі таңда Республикада алғашқылардың бірі болып агенттік қызметті дамытуды қолға алуда. Қалай серіктес болатыныңыз туралы айтып қана қоймай, Қазпоштамен бірлесіп ақша табу жолын ұсынуда. Еліміз бойынша бүгінгі таңда бірлескен қызметін көрсететін көптеген бөлімшелер ашылып халыққа өз қызметін көрсетуде.

«Біз нарықтағы кәсіпқойларға барлық бейресми бағдар береміз, Біз сондай-ақ франчайзингті белсенді дамытудамыз. Біз кез-келген шағын және орта бизнес өкілдеріне қызмет пакеттерімізді алуға және таратуға мүмкіндік береміз. Бұл біздің компаниямыз үшін тиімді, біз өз күшімізді негізгі бизнеске жұмылдырамыз – біз цифрландыруды, онлайн-қызметтер бойынша жұмысты жалғастырамыз», — деді филиал директоры Бақытжан Ысқақ.

«Қазпошта» АҚ – Қазақстан Республикасының пошта операторы, Дүниежүзілік пошта одағында Қазақстанның пошта әкім­шілігін білдіретін жалпыұлттық инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі болып табылады. 2006 жылдың 7 маусымынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ жалғыз акционері болып табылады.

Г.КЕНЖЕБЕКОВА.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.