«Кемпірқосақ» өзен

Колумбиядағы Каньо-Кристалес өзені бірінші жарты жылда әдеттегі өзен, ал маусым мен желтоқсан айларының аралығында түрлі-түсті болады. Оның себебі, су түбіндегі балдырлар ауа- райына қарай қызыл, көк, сары, қызғылт, жасыл түстерге еніп, өзен түсін өзгертеді.

Жергілікті халық «кемпірқосақ өзен» деп атап кеткен бұл өзеннің шын атауы – Каньо-Кристалес испан тілінен «хрустальды ағыс» деп аударылады. Судың құрамында ешқандай қоспалар, тұздар мен минералдар мүлде жоқ, сондықтан мұнда балық өспейді. Ол тек түрлі-түсті Macarenia clavígera балдырларына мекен болып отыр. Дегенмен, алыс жолдан шаршаған саяхатшылар табиғаттың таңғажайыбын тамашалап қана қоймай, өзен суына емін-еркін шомылып, серги де алады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.