КЕНТАУ: «СЫБАҒАНЫҢ» ШАПАҒАТЫН КӨРГЕН ШАРУАЛАР

Кентау қаласы Қарашық ауылында «Нұр Балым» шаруақожалығы жұмыс істейді. 2011 жылы жұмыстарын бастаған шаруа 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 11 млн. теңге несие алып, 32 бас жергілікті мекеннен сиыр алған. Оларды сүт, ет бағытында қолдануда.

Шаруақожалықтың төрағасы Асан Рахымжановтың айтуынша,  малшаруашылығымен ғана емес, егін егумен, бау-бақша өсірумен айналысады екен. Малдарына қажеті шөптерді өздері егеді. Биылғы жылдың өзінде тағы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 37 млн. теңге қаржы несие алып, Ресей елінен «Семитал» сортындағы 50 бас сиыр әкелген. Жыл соңына дейін тағы шетелден «Герифорд» сортты 100 бас сиыр алуды жоспарлауда. Бүгінде жалпы, қорасында 42 жылқы, 128 бас сиыр бар. Оның 32 бас сиыры бордақы. Ірі қараның барлығы ет, сүт бағытында алынған. Бір айда сиырдан 2 жарым тонна сүт алынып, қаладағы бала-бақшалар мен ауруханаларға өткізеді. Ал, еттерін базарларға сатылуға шығарады. Әрбір бордақыланған сиырдан 250-300 келіге дейін ет өндіріледі. Сонымен қатар, алдағы уақытта соңғы заманауи үлгідегі қораны салып, мал шаруашылығын дамытуды мақсат етіп отыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.