КЕНТАУДА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ КОНДИТЕР ЦЕХЫН АШҚАН

Кентау қаласына қарасты Иассы ауылдық округінде Шүкіржан Тәжметов есімді ауыл тұрғыны шағын цех ашып іске қосқан. Онда әзірге 4 түрлі кондитерлік өнім шығарылады. Цех тәулігіне 600 бумаға дейін тәтті тоқаштар даярлайды. Тапсырысқа қарай өнім саны артып отырады.

Шүкіржан Тәжметовтің айтуынша, тәтті нан өнімдерін ауыл маңындағы балабақшалар мен мектептер алып отыр. Сондай-ақ, Түркістан, Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдардан тапсырыстар түседі. Үй ауласынан іске қосылған шағын цехта үш адам жұмыспен қамтылған.

Кәсіп иесі алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламамен несие алып, кондитерлік өнім түрлерін көбейтуді және жұмысшы санын арттыруды мақсат етіп отыр. Бұдан бөлек, кәсіпкер мал өсіріп, егін егумен де шұғылданады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.