* Керек кеңес. Асүйдегі қулықтар

 

* Картоптың қабығын аршығаннан қолдың терісі қарайып кететіні белгілі. Осыны болдырмау үшін картоп тазалар алдында қолға сіркесудың әлсіз ерітіндісін жағып, кептіріп алу керек. Ал жұмысты бітірген соң қолды сабындап жуып, иісмай жағыңыз.

* Стақан, ваза және басқа да шыны ыдыстарды арнайы жуу құралдарынсыз да жақсы тазартуға болады. Ол үшін жылы суға азырақ сіркесу немесе ірі тұз салып жуыңыз. Шыны ыдыстар таза және мөлдір бола түседі.

* Алюминий кәстрөлді қайта жылтырату үшін оны картоп, алма қабықтары немесе сіркесу ерітіндісі қосылған суға салып қайнату керек.

* Егер кәстрөлдің түбінде ас күйіп кетсе, азырақ суық су құйып, тұз сеуіп қойыңыз. Бірнеше сағаттан соң, түбіне қатқан қаспағы оңай алынады.

* Табаны тазарту үшін азырақ отқа қыздырып алып, сыртынан тұзбен, сосын қағазбен ысқылау керек.

* Сүт тасып, газ плитасына төгілсе, үстіне тұз сеуіп, бетіне ылғал қағаз жауып қойыңыз. Сонда иісі үйге жайылып кетпейді.

* Ұнға құрт түспеуі үшін қаптың ішіне сарымсақтың бірнеше бөлігін қабығынан аршылмаған күйі салып қойыңыз.

* Пышақ пен қайшы жақсы қайралуы үшін алдын-ала әлсіз тұз ерітіндісіне жарты сағатқа салып қойыңыз. Сосын суын сүртпей, қайрай беріңіз.

* Еттартқышты жуу оңай болсын десеңіз, ең соңынан бір шикі картопты өткізіп жіберіңіз.

* Еттартқышты пештің жанында кептіруге болмайды, бұдан оның пышақтары өтпей қалады.

* Жаңа сатып алған шыны ыдыстарды алдымен салқын су құйылған ыдысқа салып, сосын отқа қойып, жайлап ысыта отырып қайнатып, сол суда қайта суытып алса, мұндай ыдыстар оңайлықпен сынбайтын болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.