Кітап туралы қызықты деректер

1976 жылы АҚШ-тың Денвер қала­сында шығарылған 300 беттік «Суперкітап» Гиннеске «ең үлкен кітап» ретінде енген. Биіктігі 3 метрге жуықтайтын бұл алыптың салмағы 252,6 келіге тең.

* Рекордтар кіта­бына енген тағы бір кітап – биік­тігі 180 сантиметрлік «Magnificent Maps: Power, Propaganda and Art» кітап-картасы. 37 карта жинақ­талған бұл атласты 1660 жылдары сол кездегі ағылшын королі Карл ІІ-ге арнап шығарылған.

* 2004 жылы «Кішкен­тай­­­ларға арналған ең үлкен кі­­тап» деген атпен «Ин» баспасынан жа­рық көрген көлемі 6х3 метрлік кітапты бала тұрмақ, ересек адам да көтере алмайды. Шама­мен жарты тонна болатын алып кітап бар-жоғы 4-ақ беттен тұрады. Орыс­тың балалар ақындарының 12 өлеңі жинақ­талған бұл туынды бү­гінде тек көрмеге қоюға жарап тұр.

* Ең кішкентай кітап ретінде рекордтар кітабына енген – Массачусетс технологиялық институты шығарған «Новый Завет» пен Антон Чеховтың «Ха­мелоны». Алғашқысының көлемі 5х5 мм құраса, «Хамелеонның» биіктігі мен ені – 0,9х09 мм.

* Симон Фразер университетінің нанотехнолог­тары «Teeny Ted from Turnip Town» атты басылым шығарған. Көлемі 0,07х0,1 мм құратын кітапшаны тек қана электронды микроскоп арқылы оқуға болады.
* 1968-1972 жылдар аралығында жарық көрген Британия Пар­ламенті құжаттарының жинағы 1112 томды құраған. Оның толық жинағының салмағы 3,3 тоннадан асып жығылады. Егер барлығын оқып шыққыңыз келсе, 6 жы­лыңызды сарп етуіңіз керек…
*Дүниежүзінде ең көп та­ралыммен шыққан – Агата Крис­тидің романдары. Оның 78 кітабы әлем бойынша 44 тілге аударыл­ды, жалпы таралымы 2 миллиард­қа жуық.
* 1994 жылы «Собтис» аукционында Леонардо да Винчидің «Лейчес­тер Кодексі» атты қолжазбасы 30,8 мил­лион долларға сатылған. Оны әлем­дегі ең бай адамдардың бірі Билл Гейтс сатып алған…
* Ең үлкен сөздік пен энци­клопедия жағынан 1854 жылдан бастан жарық көрген «Неміс сөздігі» мен 1935 жылдан басы­латын «Әмбебап еуро-америкалық суретті энциклопедиясының» алдын орайтын басылым шыққан жоқ. Якоб пен Вильгельм Гримм­дер бастаған сөздік 1971 жылы аяқталып, 33 томды құ­рапты. Бұл ең ұзақ басылған ба­сылым ретінде де тарихта қалатын шығар. Ал энциклопедия жыл сайын толық­тырып оты­ры­лады, оның томдары бүгінде 100-ден асып кеткен.
* Әлемде шығарылған ең кішкентай 12 кі­тап­тың басын қосқанда, бар­лығы бір ас қасыққа сыйып кетеді екен. Олар­дың ішінде «Құранның» кішкентай басылымы, ағылшын тілінің сөздігі, Францияның Ата заңы бар…
* Тағы бір қызық кітап – «Медицина өнерінің жал­ғыз және өте терең құ­пиялары» деп аталады. Ол гол­ландиялық атақты дә­рігер Герман Бурхавенің зат­тарының ішінен, ол өмірден өткеннен кейін табылған. Бұл 100 беттік кітап аукционда 10 мың долларға сатылған. Кі­тап­ты ашып қараса, бүкіл беттері тап-таза, тек титулдық бетінде «Басыңды суықта, ая­ғыңды жылыда ұста, сонда ең жақсы дәрігерді кедейге айналдырасың» деген жазу болған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.