Кокос майы гипотериозды жеңеді

Білмейтіндер болса, айтайық, гипотиреоз – қалқанша безі ағзаға қажетті гормондарды жеткілікті мөлшерде өндіріп, дұрыс жұмыс істей алмағанда пайда болатын ауру. Кокос майы осы ақауға қарсы күресіп, қабынуды басады, иммундық жүйені күшейтеді. Сонымен қатар…

 1. Метаболизмді реттейді. Қалқанша безі толық қуатымен жұмыс істемесе, ағзаның қуат өндіруі нашарлайды, сол себепті адам үнемі шаршаңқы күйде жүреді. Кокос жаңғағының қышқылы майды қуатқа айналдырып, ағзадағы зат алмасуын жақсартады.

2. Арықтауға көмектеседі. Гипотиреоздың негізгі белгілерінің бірі – салмақтың артуы. Бұл зат алмасуының өте баяу жүруінен болады. Кокос майы тоқтық сезімін ұзақ уақыт сақтайды, сондықтан тәбетіңізді шектеп, салмақ тастауға көмектеседі.

3. Іш қатуды болдырмайды. Қалқанша безінің гормондарды өте аз өндіруінен ас қорыту жүйесінің жұмысы да бұзылады. Кокос майы бұл қиындықты да реттейді. Бұған қоса оның іш жүргізетін де әсері бар.

4. Қабынуды басады. Гормондар теңгерімінің бұзылуы ағзадағы қабыну жиілігін арттырады. Ал кокос майын күнделікті тұтынып жүрсеңіз, қабынуларды басуға септігі зор.

5. Шаштың түсуін тоқтатады. Шаштың түсуінің бірнеше себебі болуы мүмкін. Соның бірі – гормоналдық теңгерімнің бұзылуы. Бұл жағдайда кокос майын ішке тұтыну арқылы шаштың түбірін қатайта аласыз. Сондай-ақ бұл майды шашқа арналған маска түрінде де қолдануға болады.

6. Құрғақ теріні емдейді. Кокос майын ұзақ уақыт қолдану терінің ылғалдылығы мен саулығын қайтаруға мүмкіндік береді.

Тіпті сізде гипотиреоз дерті болмаған күнде де, кокос майы денсаулығыңызды сақтап, ағза мүшелерінің дұрыс жұмыс істеуіне көмектесетін тамаша құрал бола алады.

Егер сіз кокос майын өзіңіздің күнделікті ас мәзіріңізге қосуды ұйғарсаңыз, онда тек тазартылмаған табиғи кокос майын пайдалануға кеңес береміз. Бұл емдік майды күніне 1 шай қасықтан бастап, біртіндеп 2 ас қасыққа дейін жеткізу керек. Осы мөлшер қалқанша безінің жұмысын жақсартуға жеткілікті.

Дегенмен, әр адамның ағзасының өз ерекшеліктері болатындықтан, бұл емді бастамас бұрын алдын-ала дәрігермен кеңесіп алғаныңыз артық болмайды.

                                                                           Дайындаған К.ДИДАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.