КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ӨЗ ТАЛАПТАРЫН ҚОЙДЫ

QAZAQJOLY.KZ: Астанада көпбалалы аналар әкімдікке барып, өз талаптарын қойды. Алғашында өз талабын айта бастаған 4 балалы ана сөз сөйлеп тұрғанда әлдекім микрофонды өшіріп тастады. Кейін ата-аналар шу шығарып, қайта қостырып алды.

«Барлығы ескі үйде тұрса да аз ақша төлеп отырған жоқ. Бәрі де пәтер жалдап отыр. Басты талап — баспана», — деді көпбалалы аналардың бірі.

Тұрғындар проблемаларын сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жазбаша жазып әкеліп, оны арнайы оқып берді.

«Елбасы мырза, «Ана мен бала мемлекеттік қорғауда болады» деген сөзіңіз бар. Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы болды. Бірінші жөргекпұл ретінде әр балаға 1000 АЕК көлемінде жәрдемақы берілсін.

Әрбір 18 жасқа дейінгі балаға ай сайын 29 мың теңге төленсін.

Әр баланың анасына жалақы ретінде 49 мың теңге төленсін.

3 балалы және одан да көп отбасына, мүмкіндігі шектеулі адамдары бар отбасына баспана берілсін.

Бала 14 жасқа келгенше ана мен бала тегін емделсін.

Кәмелетке толмаған балардың ата-аналары түнгі жұмысқа шақырылмасын.

Көпбалалы отбасылар жоғарғы оқу орнына оқытылсын.

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова отставкаға кетсін.

Осы талаптарды 7 күн ішінде орындалмаса, үкіметтің отставкаға кетуін талап етеміз», — деді олар.

Тұрғындардың арыз-талабын тыңдаған Астана қаласы әкмінің орынбасары Ермек Аманшаев ата-аналарға «айтып болсаңыздар қайтыңыздар. Проблемаларыңыз қаралады» деп кетіп қалды.

 

АҚПАРАТ көзі: alashainasy.kz

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.