КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖӨНДЕЛЕДІ

Шымкент қаласында  9 көпқабатты тұрғын үйге қайтарымды негізде күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарлануда. Аталған тұрғын үйлер  Әл-Фараби, Еңбекші, Абай аудандарында орналасқан. Жөндеу жұмыстары барысында бұл үйлердің шатыры ауыстырылып, кіреберісі мен жертөлелері сондай ақ қасбеті жаңартылмақ.

 

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары басталады деп күтілуде.

Аталған жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің  70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған  өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде жүргізілмек.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.