Көздің айналасындағы теріге арналған қияр маскалары
- Үккіштен өткізілген 2 ас қасық қиярды ұсақтап туралған 1 ас қасық ақжелкенмен араластырып жағыңыз. Біраздан соң шайып тастайсыз.
- Үккіштен өткізілген 1 ас қасық қиярды 1 шай қасық сұйық балмен араластырыңыз. Бұл маска терідегі бөртпелер мен қара дақтарды жақсы кетіреді.
- Үккіштен өткізілген 2 ас қасық қиярды жаңа сығылған лимон шырынымен араластырып жағыңыз.
- Үккіштен өткізілген 2 ас қасық қиярды 1 ас қасық үй сүтімен, майсыз сүзбемен, 1 ас қасық ұсақтап туралған ақжелкенмен және 1 шай қасық зәйтүн майымен араластырыңыз.
- Үккіштен өткізілген 2 ас қасық қиярды үккіштен өткізілген 2 ас қасық картоппен араластырыңыз.
- Үккіштен өткізілген 1 ас қасық қиярды 1 шай қасық ақ балшықпен араластырып жағыңыз.
- Үккіштен өткізілген 2 ас қасық қиярды 2 ас қасық үй қаймағымен араластырыңыз. Мұндай маска кез-келген теріге пайдалы: құрғақ теріні ол барынша ылғалдандырады, ал майлы терінің жылтырын алады.
- Үккіштен өткізілген 1 ас қасық қиярды ұсақтап туралған жалбыз және райхан жапырақтарымен (1 шай қасықтан) араластырыңыз. Бұл маска бет терісінің қызаруы мен қабынуын жазады әрі сергітеді.