Күлкі — көңілдің ажары
Атақты киножұлдыз дәрігердің қабылдауына келеді.
— Дәрігер, менің шешінуім керек пе?
— Жоқ, қажеті жоқ, кеше ғана соңғы фильміңізді көргенмін…
Әйелі күйеуіне:
— Сен маған «семіріп бара жатырсың» деуші едің ғой. Алтын сырға сатып алып берсең, арықтаймын.
— Бұған алтынның қатысы қанша?
— Енді, сырға сатып алсақ екі ай аш отырмаймызба?!
— Құрбым, ол кетіп бара жатыр! Жiберме, сен оны сүйесiң ғой!
— Уайымдама, ол қайтып келеді.
— Қайдан білесің?
— Мен оның атынан несие алғам…
Отбасындағы әңгіме:
— Сен кеше өлгенше ішіп, мас болып келдің.
— Иә, енді ұрыс бастала ма?
— Жоқ. Кеше болып қойған.
— Солай ма? Не болғанын айтып берші, әйтпесе есімде ештеңе қалмапты.
— Мен саған ішімдік ішудің мәдениеті жайлы қаттырақ айтып жібердім.
— Ал мен не дедім?
— Сен үнсіз тыңдап отырдың да: «Жаным, өзің де білесің, сен менің екінші әйелімсің. Бірақ, сенің сөйлеу мәдениетіңе қарағанда, үшінші рет үйленуіме тура келетін сияқты», — дедің.
— Ал сен ше?
— Мен үнімді өшірдім…