Күлкі — көңілдің ажары
Ұйықтап жатқан МАИ қызметкері ұйқысырап:
— Камаз, камаз!- десе,
Әйелі атып тұрып:
— Пустой, пустой!- деп жатқызатын көрінеді.
Хайуанаттар паркінен піл қашып кетіп, барлық жерге хабарландырулар беріліп, қаланың барлық милициялары іздеп шығыпты. Бір мент, қоян ұстап алып, ұрып-соғып бастығына алып келіпті. Бастығы айқайлап:
-Бастарың істейді ма, бұл піл емес қой!-десе, қоян жалынып,
-Пілмін, пілмін дедім ғой, мойындаймын, тек ұра көрмеңдерші!- деген екен
Орманның ішінде қыдырыстап келе жатырған жолбарыс, бірдеңеден қорқып қашып келе жатырған қоянды ұстап алыпты.
-Әй қоян, кімнен қашып келе жатырсың?- деп сұрапты.
Қоян:
-Ойбай, ана жақта бұғыларды милиция ұстап жатыр,- депті.
-Сен бұғы емессің ғой, несіне қашасың?- десе, қоян:
-Ал сен бұғы емес екеніңді дәлелдеп көр менттерге,- деген екен.
-Азамат есігіңізді ашыңыз.
-Кім бұл?
-Миллиционер!
-Үйде ешкім жоқ.
-Жарық жанып тұрғой!
-Қазір өшіремін.
Бөлімшеде кезекші болып отырған полицейге бір кісі жүгіріп келеді де:
-Тез жүріңізші, көмектесіңізші!- дейді.
-Не болып қалды?
-Көршім тағы да мас.
-Бола берсін.
-Әйелін ұрып жатыр.
-Ұра берсін.
-Бізге пышақ ала ұмтылды. Бәріңізді жарып өлтіремін!- деді.
-Дей берсін.
-Полицейлердің бәрі ақымақ, бәрі нақұрыс!- деді.
-Не дейді?! Қане жүр!