Құтыру ауруынан сақтанайық!

Құтыру — көне заманнан бері белгілі, соңы өлімге алып келетін аса қауіпті жұқпалы ауру болып табылады. Бүгінгі таңда ол дүние жүзіне тегіс жайылған. Құтыру ауруына
жылықанды жануарлардың барлығы шал­дығады. Ауру әдетте жануардың сілекейі
арқылы тістеген,тырнаған кезде жұғады. Әсіресе қасқырдың,иттің тістеуі өте қауіпті.
Сондай-­ақ вирус мал денесіне ауыз бен көздің кілегейлі қабықтары, сәл ғана зақымданған тері арқы лы енуі мүмкін. Құтыру ауруының жасырын кезеңі 1 күннен 1жылға дейін, тіпті 3-5 жылға дейін созылады.

Аурудың белгілері: адам тынышсызданып, судан, жарықтан, желден, ауа­дан қорқады және қан айналымы мен тыныс алуы бұзылады. Еске­ретіні, құтырумен ауырған
адамды емдеуге қазір гі меди цина дәр менсіз, яғни, құтыру – ем қонбайтын ауру.Құтырған жануарға таланған адамды тек сақ­тайтын күшті құрал – вак­цина, иммуноглобулин. Адамды қатерлі дерттен құтқару үшін дер кезінде құтыруға қарсы егу жұмыстарын жүргізу қажет. Жыл сайын дүние жүзі бойынша осы ауру дан 50 мыңдай
адам қайтыс болатын болса, оның 60 пайызы вакцина салынбағандар екен. Үйдегі иттер мен мысықтарды жыл сайын құтыруға қарсы ектіріп тұру керек және иттерді үй ауласын да байлап ұстаған жөн. Себебі, олар ауру тасымалдаушы аңдардан ауру
жұқтыруы мүмкін. Анти­рабикалық вакцина­ құтырудың алдын алуға болатын дара құралдардың бірі. Жануарлардың тістеуі­нен зардап шеккен тұл­ғаларға құтыруға қарсы
антирабикалық вакцина салу 6 рет (0,3,7,14,30,90 күн дері) тағайындалады. Егер жануарды білсеңіз, оның иесінің аты-­жөнін, мекен-­жайын біліп алып, 10 күн ішінде жануарға бақылау жүргізу үшін мал дәрігеріне беруіңіз керек.Зардап шеккен барлық тұлғалар кез­-келген жануарлар тістеген, тыр­наған жағдайда дереу дәрігердің көмегіне жүгінуі керек.Себебі жануар тіс­теген, тырнаған жерді тезара да 20%­дық кір сабын
ерітіндісімен көпіртіп өңдеу қажет және антирабикалық вакцинаны дер кезінде қабылдасаңыз тірі қалуы­ңызға кепілдік бар. Вак­цинаның тегін екенін ескертеміз.

А.Турлыбаева,
Шымкент қалалық №7 емхананың
дәрігер ­эпидемиологы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.