ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

2018 жылдың соңында БАҚ-та ДАИШ халықаралық террористік ұйымының үш ізбасарының қылмыстық топ құрып, Жезқазғанда лаңкестік әрекетке дайындалғаны туралы ақпарат жарияланды. ҰҚК олардың әрекетінің жолын кесті.

Террористік топтың болашақ басшысы Е.Қуандықов отбасыльіқ жағдайлар салдарынан ЖОО-ны екінші курста тастап, «Оңтүстік астанада» кездейсоқ табыспен күн кешіп жүрген еді.

Жұмыстан кезекті рет шығып қалғаннан кейін, ол Жамбыл облысындағы туған ауылына келіп, сол жерде өзінің досы –салафизмді жақтаушының діни ықпалына түседі.

Одан әрі ол дінді белсенді түрде зерттей бастайды. Алайда ол ақпаратты имамдардан немесе ҚМДБ-ның  ресми сайттарынан емес, радикалды сипаттағы материалдары бар әлеуметтік желілердің парақшаларынан алады. Ал 2016 жылы өз бизнесін ашу үшін Жезқазғанға көшуге шешім қабылдайды. Жезқазғанда отау құрса да, интернет арқылы елде тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымына жан-тәнімен қолдау көрсете бастайды. Ол «мұсылман жауларына» қарсы соғысып, «шаһид» болуды армандайды. Алайда Қуандықовтың Сирияға кетуге қаржылай мүмкіндігі болмады.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желілердегі ДАИШ жетекшісі әл-Бағдадидің террористік шабуылдар жасауға шақырған роликтерін белсенді түрде тарата бастаған болатын. Осы үндеу Қуандықовты Жезқазғанда өз тобын құруға итермеледі.

Ол өз ниетін іске асыру үшін өзі сияқты интернет арқылы радикалданған жергілікті тұрғындар Берік Асенов пен Жәкен Ақмоловты тартты. Олармен қалалық қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінде «ауыз ашарда» танысқан. Олардың радикалды сенімдерінің сәйкестігі, күнделікті проблемаларының ортақтығы тез арада «бауырластық» қарым-қатынас орнатуға көмектесті. Осыдан кейін олар терактіге дайындалып, жақын адамдар арасында экстремизмді насихаттай бастайды.

Пәтерін топ мүшелері жиындарын өткізу және қылмыстық ниеттерін талқылау үшін жиі пайдаланатын Ақмоловпен бір аулада тұрған қаланың жасөспірімдері үгіт-насихат объектілеріне айналды.

Ton жетекшілері Қуандықов пен Ақмолов топтың әрбір жаңа мүшесін өз жоспарларын қаржыландыру көзі ретінде пайдаланды. «Қару сатып алу керек» деген сылтаумен екеуі де жас діндарларды тұтынушылық несие алуға көндірді. Алынған қаражаттың бір бөлігін өздеріне смартфондар сатып алуға, тұрмыстық шығындарды төлеуге жұмсады. Қуандықов пен Ақмолов «Несиені қайтарудың қажеті жоқ, өйткені теракт кезінде топтың барлық мүшелері жұмаққа кіреді» деп сендірді.

Осылайша, 2018 жылдың маусымына қарай Қуандықов, Ақмолов және Асеновтан бөлек, топқа тағы үш жас қосылды. Олар ДАИШ-тың үгіт-насихат роликтерін көріп, Сирия мен Ирактағы оқиғаларды, сондай-ақ Қазақстандағы болашақ шабуылдарын талқылады. Сол кезеңде Ұлттық қауіпсіздік комитеті олармен қатар тағы бір террористік топқа зерттеу жүргізді, оған қатысушылар Жезқазған және жақын маңдағы Сәтпаев қалаларында ұсталды.

Қуандықовтың тобы бұл жаңалықты жеке қорлау деп қабылдады.

Қаскөйлер бірінші кезекте полиция қызметкерлерін жойып, одан кейін бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдар ұйымдастыруға шешім қабылдады.

Ол топтың басқа қатысушыларына өз рольдерін белгілеп берді. Қуандықовтың шешімі Ақмоловты алаңдатып, ол «жамағат» жиынын өткізу үшін өз пәтерін ұсынуды жалғастырғанмен, күтпеген жерден қылмысқа қатысудан бас тартты.

Кезекті кездесу Қуандықовтың топ мүшелеріне деген қатты қысымымен өтті. Ол полицейлерге шабуыл жасау жоспарын іске асыруға тезірек кірісуге шақырды.

Топтың қылмыстық белсенділігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады. Шабуылдың нақты қаупін ескере отырып, арнаулы қызметтер күдіктілердің қару сатып алуын күтіп отыра алмады.  Ал 2018 жылғы 23 қарашада топтың 5 мүшесі ұсталды.

Осылайша жасалған қылмыстың ауырлығы ескеріліп, террористік топ құрғаны, лаңкестікті насихаттағаны және теракт дайындағаны үшін Ерлан Қуандықовты 12 жылға, оның сыбайластары Берік Асеновті – 9, ал Жәкен Ақмоловты – 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды.

Тергеу және сот барысында айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, қылмыс жасағаны үшін өкініштерін білдірді.

Бірақ қолмен істегенді мойынмен көтеру керек. Сондықтан жастарымыздың әр қадамын аңдап басып, бұл мәселеде аса абай болғаны жөн-ақ.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.