Қырым қанды қызбасының алдын алу

  Бүгінде облысымыздың барлық өңірлерінде кенеге қарсы күрес жүргізіліп жатыр. Ауру вирустарын тасымалдаушы кенеден келетін кеселді ел ішінде «көкала» деп атайтыны белгілі. Бұл ауруды тарататын кенелердің 27-ден астам түрі бар.

Жалпы кенеден ауру қалай жұғады, одан сақтану жолдарын қандай екенін әрбір азамат біле жүргені жөн. Кене жабысқанын адам сезбей қалуы мүмкін.Өйткені ол жабысып, шаққанда дене ауырсынуды сезінбейді. Кене терінің жұмсақ жеріне жабысып алып, қан соруға кіріседі. Иксод кенелері денелерінде осы аурудың қоздырғыштарын сақтап, тасымалдап отырады. Мұндай кене шаққан адамның өміріне қауіп төнеді.Сондықтан кене шаққан жағдайда оны қолмен алып, езуге болмайды. Өйткені ауру оның шашыраған қанынан жұғады. Сол үшін адам жеке бас тазалығын сақтауы.

Ал ауру жұқтырған адам өзінің төңірегіндегілерге зор қауіп төндіреді. Бұл аурудың жасырын кезеңі 2-14 күн аралығын  қамтиды. Науқас адамның дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі, басы, буындары сырқырап  ауырады, көзі мен тамағы қызарады,асқа тәбеті жойылады. Жұқтырудың алғашқы 2-5 күнінде мұрнынан,асқазаны мен ішегінен, әйел адам болса, жатырынан қан кетеді. Науқастың денесі бөртеді,қолмен теріні басқанда ол жер қанталап, көгеріп кетеді. Дер кезінде дәрігерге көрініп, емделмесе, ауру жедел асқынып, өлімге соқтыруы мүмкін.

Сондықтан кене шаққанын байқасаңыз, оның басы кірген жерге өсімдік майын тамызыңыз. Біраздан соң ол өзі түседі, болмаса, оны жіппен немесе қысқышпен ( пинцет) шығарып алып, отқа жағыңыз. Ал  кене шаққан жерді йодпен сүрту керек. Малға күтім жасағанда, қырым кезінде қолғап, арнайы киім киген жөн.

Құрметті қала тұрғындары, кенені елемей, ауруға кезігіп жүрмеңіз, одан әрқашанда сақ болыңыз.

 

           Б.СЕРІКБЕКОВА,  

Еңбекші ауданы ҚДСБ бөлім басшысы.                                                                                                                         

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.