ҚЫЗЫ ТӘРБИЕСІЗ ЕЛДІҢ ІРГЕСІНЕН ЫРЫС КЕТЕДІ…
Зейнеп АХМЕТОВА: ҚЫЗЫ ТӘРБИЕСІЗ ЕЛДІҢ ІРГЕСІНЕН ЫРЫС КЕТЕДІ…
Қазір ең жаманы, ажыраса салуды сөкет көрмейді. Сондай-ақ, тұрмысқа шықпай, некеге тұрмай жатып бірге тұратындар көбейді. Бұл біздің мұсылмандығымызға да, қазақшылығымызға да жат нәрсе. Айналып келгенде, «қызы тәрбиесіз елдің іргесінен ырыс кетеді», тұнығы лайланады. Өйткені, бүгінгі қыз – ертеңгі келін, болашақ ана, болашақ ене. Олай болатын болса, қыздардың мойнындағы міндет, парыз ұшан-теңіз.
Біздің кез келген ырым-тыйым, салт-дәстүрімізде үлкен мән-мағына жатыр. Біз осыдан айырылып қалдық. Қазіргі таңда осы салтты қайта жаңғыртып, ата-баба дәстүрін жас ұрпақтың санасына сіңіруіміз керек.
Alashinform.kz